Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Уилл Смит және Джессика Честейн: "Оскар" сыйлығының иегерлері анықталды

Опубликовано:

Статуэтка "Оскар"
Статуэтка "Оскар": UGC

АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында "Оскар" сыйлығының номинанттары анықталып, 94-ші марапаттау рәсімі өтті, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Үздік актер ретінде "Оскар" жүлдесін Уилл Смит алды. Ол бұл марапатқа танымал теннисшілер Винус пен Серена Уильямстың әкесі мен алғашқы бапкерінің құрметіне түсірілген "Король Ричард" атты фильмнің арқасында қол жеткізді.

Актер кино әлемінің басты сыйлығына үшінші рет номинант болып, жеңіске жетті. Бұл актерлік номинацияға Уилл Смиттен басқа Хавьер Бардем ("В роли Рикардо"), Бенедикт Камбербэтч ("Власть пса"), Дензел Вашингтон ("Трагедия Макбета") мен Эндрю Гарфилд ("Тик-так… БУМ!") ұсынылған болатын.

Үздік актриса болып Джессика Честейн танылды. Ол жүлдесін "Оскар" сыйлығын екі мәрте жеңіп, өткен жылдың жеңімпазы атанған 84 жастағы Энтони Хопкинстің қолынан алды. Өнер иесі "Оскарға" "Глаза Тэмми Фэй" фильміндегі рөлі үшін ие болды.

Ариана ДеБос "Вестсайдская история" фильміндегі жұмысы үшін қосалқы рөлдегі үздік актриса "Оскар" сыйлығын" алды. 31 жастағы актриса Анитаның рөлі үшін Британиялық академияның, Гильдия жүлдесін және "Золотой глобус" марапатына ие болған.

Бұл номинацияда Джесси Бакли ("Незнакомая дочь"), Джуди Денч ("Белфаст"), Кирстен Данст ("Власть пса") мен Онжаню Эллис ("Король Ричард") бақ сынасқан болатын.

Қосалқы рөлдегі үздік актер болып естуінде кемістігі бар Трой Коцур танылды. Ол кино әлеміндегі басты жүлдені "CODA: Ребенок глухих родителей" атты фильмдегі рөлі үшін жеңіп алды. Залға жиналған көпшілік Коцурды ерекше қарсы алды. Олар есту қабілеті нашар адамдарға арналған нышанмен қошамет білдірді.

Аталмыш номинацияда Трой Коцур Киран Хайндсті ("Белфаст"), Коди Смит-Макфиді және Джесси Племонсты ("Власть пса"), Джей Кей Симмонсты ("В роли Рикардо") басып озды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1962368-uill-smit-zane-dzessika-cestern-oskar-syilygynyn-iegerleri-anyqtaldy/

pixel