Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Асқындырып алыппын": Жахан Отарғалиев Стамбулда ота жасатты (видео)

Опубликовано:

Жахан Отарғалиев
Видеодан кадр: Instagram/zhahan_utargaliyev

Отандық танымал актер Жахан Отарғалиев денсаулығы сыр беріп, Түркияда ота жасатты. Өнер иесі желіде операциядан кейінгі видеосын бөлісіп, өз жағдайын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жахан Отарғалиев кезекті фильмінің түсірілімі барысында дертін асқындырып алғанға ұқсайды. Сол себепті актер бірден ауруханаға жүгініп, ота жасатуға мәжбүр болған.

Жұбайы Балжан Бидаштың сөзінше, Жаханның 13 жылдан бері белі ауырып келген.

"Күн қатты суық болды, ойламаған жерден қар жауып кетті. Осы кезде асқындырып алыппын. Содан бері тоқтамай ауырған соң келдім. Судың қадірін қатты түсініп жатырмын. Наркоздан кейінгі сандырақ. Аяқ асты Стамбулға келіп, кішігірім операция жасаттым. Жанашыр достар, денсаулықтарыңызға уақытында қараңыздар ", - деп жазды Отарғалиев Instagram парақшасында.

Өнер иесі бүгінде жағдайы жақсарып келе жатқанын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1962391-asqyndyryp-alyppyn-zaxan-otargaliev-stambulda-ota-zasatty-video/

pixel