Үш келінімен бір дастархан басында отырған Гүлзира Айдарбековаға ел сүйсінді (видео)
Жарияланған күні:
Әлеуметтік желілерде Гүлзиар Айдарбекованың үш келінімен бірге отырған сәтінен видео тарап, елді cүйсіндірді. Жұлдызды әулеттің дүбірлі тойдан кейін бас қосуы көпшіліктің көңіліне жаққан, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Аталмыш бейнежазбаны Айдарбекованың құрбысы Instagram желісінде бөліскен. Онда продюсердің үш келінімен бір дастархан басында отырып, әңгімелесіп отырғанын көруге болады.
Видео авторы бұл бас қосудың аса ерекше екенін атап өтті. Гүлзира Айдарбекова кенже баласының тойынан кейін барлық келіндері мен немерелерінің бір дастархан басына қосуды ұйғарған көрінеді.
Желі қолданушылары жұлдызды ене мен оның үш келінін де бірге көріп, оларға жылы лебізін білдірді.
"Алла ұзағынан болсын. Көп әнгіме, бос сөз, жағымсыз пікір не керек? Сынап, мінеп, артық әнгіме айтпайық, ағайын. Ең бастысы, бәрі орнында. Үлгілі отбасынан, ақылды ата-ананың тәрбиесін алған үш қыз, үлгілі, ақылды ата-анадан туған үш ұлға тұрмысқа шықты керемет", "Қандай керемет көрініс. Бақытты болыңыздар", "Татулықтарыңыз ажырамасын. Әрдайым осындай дастарханда бас қоса беріңіздер", "Енді бәрі түгел. Үш келінімен бірге отырып шай ішкенге не жетсін", "Гүлзира ханым, мықты әйелсіз", "Бәрі табысқаны қандай жақсы болған", - деп жазуда халық.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1962498-us-kelinimen-bir-dastarxan-basynda-otyrgan-gulzira-aidarbekovaga-el-suisindi-video/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.