Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қыздарымның алдында өзімді сатқын сезінемін": Кішкенбаев екінші рет үйлену жайлы айтты

Опубликовано:

Алмас Кішкенбаев
Фото: Instagram/a.kishkenbaev

Отандық танымал әнші Алмас Кішкенбаев ажырасқанына 4 жыл өтсе де, екінші рет үйленуге дайын емес екенін ашық айтты. Әнші тағы да отбасын құрса, өзін бірінші некесінен туған қыздарына сатқындық жасағандай сезінетінін жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Алмас Кішкенбаев жеке өміріне қатысты жан сырын Instagram парақшасында ақтарды. Ол өзіне өмірлік серігін табуға тілек білдірген көпшілікке жауап берді. Әнші екінші мәрте шаңырақ көтеруге әлі дайын емес екенін алға тартты.

"Әзірге оның қалай болатынын елестете де алмаймын. Сұлу қыздарымның алдында сатқын (өзімді - ред.) сезінемін. Сондықтан бұл әзірге мен үшін ауыр сұрақ. Мүмкін мен қателесемін. Білмеймін, уақыт көрсетер. 

Негізі маған жақын адамдардың айтатын әңгімесінің барлығы осы тақырыпта. "40-қа жақындап қалдың ғой. Болмайтынын біліп тұрсаң, басқа отбасын құрып, өміріңді өзгертші", дейді. Мен өзімді 30-ға толмаған адамдай сезінемін", - деп жазды ол.

Алмас Кішкенбаев жариялаған Stories
Скриншот: Instagram/a.kishkenbaev

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1962590-qyzdarymnyn-aldynda-ozimdi-satqyn-sezinemin-kiskenbaev-ekinsi-ret-uilenu-zaily-aitty/

pixel