Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жігіттер менімен танысуға қорқады": Актриса Анар Батырхан жеке өмірі туралы сөз қозғады

Жарияланған күні:

Студия қонағы: Анара Батырхан
Скриншот: youtube/Тüngі Habar

Актриса Анар Батырхан Хабар арнасының "Тüngі Habar" ток-шоуында қонақта болды. Бағдарлама барысында ол болашақ жолдасына қандай талаптар қоятынын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Соңғы кездері вайн түсіріп, көптің көңілінен шығып жүрген Анар Батырхан өзі ұнатқан жігіт кездессе, тұрмыс құруға дайын екенін жеткізді. Сонымен қоса болашақ жарының бойынан қандай қасиетті көргісі келетінін ашық айтты.

"Менде белгілі бір талаптар жоқ. Ең бастысы, жігіт иманды, сабырлы болса болды. Мен өте еркемін ғой. Сондықтан мені баса алатын, менің әзілдеріме күле алатын жігіт іздеймін. Алматыда тұратын боламыз. Басты талаптарым осы ғана", - дейді актриса.

Оның сөзінше, Алматы - сүйікті қаласы. Жақындары, ата-анасы барлығы осы қалада тұрады.

"Үйдің ең кенжесімін. Ең еркесімін. Бірақ жиендерім туғаннан кейін, мені ешкім кенже деп есептемейтін болды. Қазір менде аналық сезім, аналық махаббат оянғандай. Олардың жаялығын ауыстырған кезде, тамағын берген кезде іштей балалы болу, бала сүю сезімі одан сайын арта түседі екен.

Алла тағала қанша бала береді, сонша сүю керек. Жалпы 4-5 балам болса екен деп армандаймын. Құрбыларымның қазір 3-4 баласы бар. Соларға: "Мен екі рет егіз баланы дүниеге әкелсем, сендерге жетіп аламын" деп қалжыңдаймын", - деген актриса көпбалалы ана атанғысы келетінін айта кетті.

Ол өзі үшін ең бастысы — мансап емес, отбасы екенін атап өтті.

"Мен үшін ең бастысы - карьера емес, отбасы, жанұя, әйел бақыты, бала сүю. Бірақ менің болашақ күйеуім өнер жолына рұқсат беріп, шығарса нұр үстіне нұр болар еді", - дейді Анар Батырхан.

Сонымен бірге актриса бағдарлама барысында жеке өмірі туралы да сөз қозғады.

"Жігіттер менімен танысуға қорқады. Шайпау деп ойлайды. Бірақ мен түрімді жұмсартуға тырысамын. Түрім сондай болса, қайтемін енді?", - дейді әзіл-шынын араластырған актриса.

Айтуынша, бұрын анасы тұрмысқа беруге қимаса, қазір керісінше қызының теңін тапқанын қалайды.

"Бұрын анам мені қимаймын дейтін. Қазір жігітің болса, таныстыр дегенді шығарды. Бірақ бәрі уақытымен. Алла қаласа, болады. Бір жігіт кездеседі. Ешкім де асықтырмайды", - дейді Анар Батырхан. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1962600-zigitter-menimen-tanysuga-qorqady-aktrisa-anar-batyrxan-zeke-omiri-turaly-soz-qozgady/