Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жазира Байырбекова: Ұлыма қыз іздеуге өзім кірістім

Опубликовано:

Жазира Байырбекова
Фото: Instagram/zhazira_bairbekova

Отандық танымал әнші Жазира Байырбекова тезірек келін түсіргісі келетінін айтты. Өнер иесі ұлына қыз іздеуді өзі қолға алғанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жазира Байырбекова келін іздеуде оқырмандарының көмегіне жүгінді. Ол қалың көпшілікке жақсы қыздардың парақшаларын жіберуін сұрады.

"Қазбек інісі Нұрдаулеттен үш-ақ ай үлкен. Екеуі Аралда бір үйде туған. Екі бесікте жататын. Бір-бірінің жөргегін киіп өсті. Қазір де Нұрекең екеуі Алматыда бірге. Қайынағамның баласы ғой Нұрекең. Бұл жігіттерге қыз іздеуге шын кірістім өзім. Аллам адал, мәдениетті, сұлу қыздарды бұйыртса екен. Дайректке ұялмай жібере беріңіздер жақсы қыздардың акаунтын немесе суретін", - деп жазды өнер иесі Instagram желісінде.

Желі қолданушылары әртіске жақсы келін кезігуін тіледі.

"Өткенде ғана сізді ойлаған ем. "Осы кісіге адал, періште келін кездессе екен" деп. Не деген тылсым. Адалынан жолықсын", "Бұйрық болмай тұр ғой, Алладан бұйрық келсе сол күні келінді боласың Жазиражан", "Алла адал қыз бұйыртсын", "Тәрбиелі қыз болса болды. Сізге келін болу арман ғой", - деп жазуда халық.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1962601-zazira-baiyrbekova-ulyma-qyz-izdeuge-ozim-kiristim/

pixel