Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Димаш Құдайбергеннің Дубайдағы концерті қалай өтті (фото, видео)

Опубликовано:

Димаш Құдайберген
Фото: dimashnews.com

25 наурызда Димаш Құдайберген Дубай қаласында үлкен жеке концертін берді. Ғажайып дауысты әншінің өнерін тамашалауға оның барша жанкүйерлері жиналған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Димаш Құдайбергеннің концерттік шарасы Дубайдағы әйгілі "Coca-Cola Arena"-да өткен.

Димаш Құдайберген
Фото: dimashnews.com

Әртіс өзінің тыңдаушыларын өткен шоулардың сүйікті композицияларынан және пандемия кезінде жазылған жаңа әндерден тұратын жаңа бағдарламамен қуантты.

Димаштың концертіне келген көпшілік
Фото: dimashnews.com

Кеш қонақтары Қазақстанның танымал домбырашылары Темірлан Олжабай мен Ернат Наурыз болды. Олар түрлі композициялардың попурриін орындап, классиканы динамикалық туындыға айналдырды.

Концерттің ерекше қонағы Латиф Хамидидің Qarlygash әнін әдемі орындаған Димаштың анасы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Светлана Айтбаева болды.

Светлана Айтбаева
Фото: dimashnews.com

Димаш Құдайберген өзінің Instagram парақшасында аталмыш концерттен видеоларды жариялады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1962729-dimas-qudaibergennin-dubaidagy-koncerti-qalai-otti-foto-video/

pixel