Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Түскен ақша қайырымдылыққа жұмсалады": Мейрамбек Бесбаев АҚШ-та концерт бермек

Опубликовано:

Мейрамбек Бесбаев
Фото: Instagram/m_besbaev

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мейрамбек Бесбаев өнердегі інісі Ғазизхан Шекербековпен бірге сәуірдің басында Америка құрама штаттарында концерт береді. Қос әнші мерекелік шарадан түскен қаражаттың бір бөлігін қайырымдылыққа жұмсамақ, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл жаңалықты Мейрамбек Бесбаевтың өзі Instagram парақшасында жария етті.

"1 сәуір күні Огайода, 2 сәуір күні Филадельфияда кездесейік. Наурызды бірге тойлайық. Концерттен түскен табыстың бір бөлігі қайырымдылыққа жұмсалмақ. Қасиетті Рамазан айын жақсы ниеттен бастайық", - деп жазды Бесбаев желіде. 

Қос әртіс те бүгінде АҚШ-та жүр. Олар тіпті Наурыз мерекесін де сол жерде қандастарымен бірге атап өткен.

Оған қоса, әншілер Американың әсем жерлерін аралап, оқырмандарына сапардың әсерін бөлісуде.

Мейрамбек Бесбаев ағылшынша сөйлей алмайтындықтан, алдағы уақытта тіл үйренуге кірісетінін айтты.

Желі қолданушылары қос жұлдызға қолдау білдіріп, алда болатын концерттеріне сәттілік тіледі.

"Сапар жақсы өтсін", "Керемет, қазақтар шетелді бағындыруда", "Концерт ойдағыдай өтсін. Біз сіздермен біргеміз", "Сәтті сапар болсын", "Америкадағы отандастарымыз бір қуанып қалатын болды", "Сіздер үшін қуаныштымын. Бұл мүлдем басқа деңгей", - деп жазып жатыр олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1962796-tusken-aqsa-qaiyrymdylyqqa-zumsalady-meirambek-besbaev-aqs-ta-koncert-bermek/

pixel