"Қолымыздан келгеннің бәрін жасадық": Асылхан Төлеповтің ұлы көз жұмды
Жарияланған күні:
Қазақстандық танымал актер Асылхан Төлеповтің отбасында қайғылы жағдай орын алды. Өнер иесінің ұлы шетінеп кетті, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Қайғылы хабарды актердің өзі Instagram парақшасында жеткізді. Ол баласына әсерлі жазба арнап, онымен қимай қоштасты.
"Қош бол, құлыным" деп жазу қандай қиын. Жүрегім! Батырым менің! Балам, қысқа ғана өміріңде көп нәрсені түсіндіріп кеттің. Сені құшақтап, сүйсем ғой. Қоштасып та үлгермедім. Не істейін? Не айтайын? Кішкентай ғана құлыншағым! Қолымыздан келгенін бәрін жасадық. Алла беруші, Алла алушы. Аханым-ау", - деп жазды өнер иесі.
Асылхан Төлеповтің бұл жазбасынан кейін желі қолданушылары оған жаппай көңіл айтып, барынша қолдау білдірді.
"Иманды болсын", "Алла сабыр берсін", "Бауырым, сені Алла қаласа жәннаттық қылады, Алла жарылқасын", "Қандай ауыр әрі қиын. Алла баламен сынамасыншы", "Асылхан, мықты болыңыз. Бұл ата-ана үшін орны толмас қайғы", "Періште болып келіп, періште болып кетті", - деп жазуда көпшілік.
Айта кетейік, Асылхан Төлеповтің екінші ұлы өткен жылдың тамыз айында дүниеге келген болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1962876-qolymyzdan-kelgenin-barin-zasadyq-asylxan-tolepovtyn-uly-setinep-ketti/