Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Гүлзира Айдарбекова: Үш келініме мен емес, халық ене сияқты

Опубликовано:

Айдарбековтер әулеті
Фото: Instagram/gulziraaidarbekova

Жақында ғана кенже ұлын үйлендірген Гүлзира Айдарбекова тойдан кейін алған әсерін бөлісті. Ол отбасына тілеулес болған барша жанға алғыс айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Белгілі продюсер өз жазбасын Instagram парақшасында жариялады. Ол онда өз отбасы жайлы жан сырын ақтарып, қалың көпшілікке алғысын жеткізді.

"Ең кіші ұлымыздың үйленуі тек бізге емес, бүкіл қазақ еліне жыр болған сияқты. Көп тілегі көл деген, тілектеріңізді де Алла қабыл етіп, өзімнен аумай қалған үш келініммен түсен суретпен бөлісіп қояйын. Ең бастысы, төрт көзіміз түгел, амандықта болсақ, қалғаны ақылмен бола береді.

Бізбен бірге қуанышымызға ортақ болып, телефонға үңіліп, тілеуімізді тілеп отырған барша қазақ еліне алғысым шексіз! Сіздердің де отбасыларыңызда дүбірлеген той болсын! Мұның бәрі - бір Қайраттарыңыздың жиған абыройы. Титтей кезінен көз алдарыңызда ел аралап, махаббаттарыңызға бөленіп, қолдап-қорғап, сүрінсе демеп, қуанса бірге қуанып келгендеріңізге міне 15 жыл болды.

Осы ниеттеріңізге разылығын жеткізу үшін Қайрат, халыққа не жақсылық жасасам екен деп соңғы кезде көп ойланатын болып жүр. Қайраттарыңыз болмаса, біздің отбасымызды танымаушы да едіңіздер, оның ата-анасы бізден бастап, бауыр-келіндері, бала-шағалары, араласатын жақындарымыз, құда-құдағиларымыз бәрін қадағалап, өз ұлдарыңыздай көзден таса етпей отырасыздар.

Толыққанды бір отбасының, яғни Қайрат ұлдарыңыздың, қаймағы бұзылмаған жанұя болуына себепкер болып жүрген сіздерге аналық жүрегіммен алғысымды айтамын. Сіздердің мына өмірде бар екендеріңізге Аллаға сансыз шүкір өз қазағым, өз жұртым. Алла ниеттеріңізге қарап сіздерді де сүйіншілесін" , - деп жазды ол.

Оған қоса Айдарбекова келіндерін қалай тәрбиелейтінін де айтты.

"Үш келініме мен емес, халық ене сияқты. Сырттарынан мінін түзеп, аяғын қисық баспауы үшін сын айтып, кейде қуаныштарына бірге қуанып дұға тілеп. Міне, халықтың баласы деген осы шығар. Кейде келіндеріме айтамын, қаттырақ ұрыссам, керісінше мені жақсы көріңдер, көшедегі басқа бір келін болса, басымды қатырмаушы едім, "өзіңдікі өзегінен тепсең де кетпейді" дегендей, бұл деген менің өзімнің адамым деген сеніммен менің ұрпағымның жалғастырушысы болғандықтан, қаттырақ айтқаным деп қабылдаңдар деймін.

Өзім күнделікті ұрыспайды да екенмін, жылына 1-2 мәрте қаттырақ айтып тастауым мүмкін, шектен шығып бара жатса ғана", - деп жазды Қайрат Нұртастың анасы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1962879-gulzira-aidarbekova-us-kelinime-men-emes-xalyq-ene-siyaqty/

pixel