Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бәрімізге жұғысты болсын": Жұлдыз Өмірғалидің той туралы жазбасы қызу талқыланды

Опубликовано:

Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғали
Фото: Instagram/aikyn

Қазақстандық танымал әнші әрі актриса Жұлдыз Өмірғали Айдарбековтер әулетінің қуанышына барып, үйлену тойдан жақсы әсер алып қайтқан. Өнер иесі тіпті мұндай дүбірлі тойды өзі де қалайтынын жасырмады. Ол мұндай қуаныш "баршамызға жұғысты болсын" деген тілегін жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы Жұлдыз Өмірғали өзінің Instagram парақшасында жазды. Ол жолдасы Айқын Төлепбергенмен мерекелік шарада түскен суретін бөлісіп, өз тілегін айтты.

Әнші мұндай үйлену тойы "барша халыққа жұғысты болсын" деді.

"Той құтты болсын. Той тойға ұлассын. Бәрімізге жұғысты болсын", - деп жазды ол.

Өнер иесінің бұл жазбасы бірден оқырмандар арасында қызу талқыға түсті. Қалың көпшілік Жұлдыз Өмірғалидің ақ көйлек киіп, үйлену тойын өткізгісі келіп жүргенін болжап жазды.

"Үйлену тойын қай қыз қаламайды? Бәрі ақ көйлек киіп көргісі келеді", "Әрине, сіздерге де жұғысты болсын", "Айқынға астарлап айтып жатқан секілді", "Айқын мен Жұлдызда той болмады ғой. Соны айтып тұрғандай болып тұр", "Той жасауға ешқашан кеш емес", "Бастысы ниет. Той - сөз емес". "Жұғысты болсын. Бір той жасауға әбден лайықсыз", - деп жазуда көпшілік.

Айта кетейік, Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғалиде үйлену тойы болмады. Құдалар жағы тек құдалық жасап, олардың отбасы құрғанын кішігірім ортада атап өткен еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1962903-barimizge-zugysty-bolsyn-zuldyz-omirgalidin-toi-turaly-zazbasy-qyzu-talqylandy/

pixel