Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Төбемнен жай түскендей болды": Құдайбергеновтер филармониядағы жұмыстан шығуы төңірегіндегі шуға пікір білдірді

Опубликовано:

Қанат пен Айткүл Құдайбергеновтер
Видеодан кадр: Youtube/Hit TV

Қанат және Айткүл Құдайбергеновтер өздері 33 жыл бойы еңбек еткен филармониядан жұмыстан шыққанына қатысты бар шындықты айтты. Өнер иелерінің сөзінше, бұл олар үшін күтпеген жағдай болған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ерлі-зайыпты әлеуметтік желіде шу тудырған мәселенің мән-жайын "Менің өмірім" бағдарламасында айтты.

"Зейнетке шыққаннан кейін де жұмыс істей бересіздер деген. Жарты ставкамен жұмыс істеп келе жатқанбыз. Бірақ аяқ астынан басшылық солай шешім қабылдады. Штат қысқартылып жатыр, енді сіздерді шығарып салайық деді. Енді бұл өнерден қол үзгеніміз емес. Олар солай шешім қабылдағаннан кейін, қарсы болған жоқпыз. Бірақ қай уақытта болмасын, жұмыс істей береміз ғой", - деді Айткүл Құдайбергенова.

Қанат Құдайбергенов басшылық тарапынан мұндай шешімді мүлдем күтпегенін айтты. Өнер иесі бұл тұрғыда өз ренішін жеткізді.

"33 жыл жұмыс істеген жерімізді қимаймыз ғой. Өзі айналдырған 4 еңбек сіңірген әртіс бар. Зейнет жасындасыздар деп төртеуімізді бірдей жұмыстан шығарып жатыр. Оны алдын ала адамша ескертсе, дайындалып, қоштасу концертімізді жасап, филармонияға деген құрметімізді көрсетіп кетуімізге болар еді. Бірақ аяқ астынан болғаны дұрыс болмады. Төбемнен жай түскендей болды. 

Әлеуметтік желіде: "Бізді жұмыстан шығарып жатыр. Әлі де сахнада жүретін күш-қайратымыз бар. Таңды таңға ұрып ән айтып, күй тартатын жағдайымыз бар. Жастарға береріміз көп, үлгі болатын адамбыз. Бұл қалай? Сіздердің пікірлеріңіз?" - деп халыққа жай ой тастадым. Неше түрлі пікір кетті", - деді ол.

Жұлдызды жұптың айтуынша, ақыр соңында филармония оларды үлкен құрметпен шығарып салған. Тіпті алдағы уақытта шығармашылық кеш ұйымдастырып беруге де уәде берген. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1962932-tobemnen-zai-tuskendei-boldy-qudaibergenovter-zumystan-syguyna-qatysty-pikir-bildirdi/

pixel