Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Көлеңкеңнен кемшілік табатындар бар": Ақбота Сейтмағамбеттің жазбасы елді ойландырды

Опубликовано:

Ақбота Сейітмағамбет
Фото: Instagram/akbotanurabaykyzy

Әнші Ақбота Сейітмағамбет желіде әсерлі жазба жариялап, елді ойландырып қойды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Өнер иесі өз жазбасын Instagram парақшасында жариялады. Онда әнші адамның бойынан кемшілік іздейтін жандарды сөз етті.

"Тура жолмен қанша жүрсең де, қисайған көлеңкеңнен кемшілік табатындар бар", - деп жазды ол.

Желі қолданушылары Ақботаның сөздеріне қосылып, оған қолдау білдірді.

"Менің қазіргі күйімді сипаттап бердіңіз", "Шынымен сондай жағдайлар көп кездеседі", "Барлығы үшін мінсіз болу мүмкін емес. Табалайтындар жетерлік бұл өмірде", "Өмірден алынған сөздер ғой", "Іші тар адам ғана біреуден кемшілік іздейді", "Дұрыс айтасыз. Бірақ бұл — өмір. Көнбеске амал жоқ", "Өте дұрыс айтылған. Толықтай келісемін. Бәріне жағу мүмкін емес", - деп жазуда олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1962937-kolenkennen-kemsilik-tabatyndar-bar-aqbota-seitmagambettin-zazbasy-eldi-oilandyrdy/

pixel