Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Елдің көзінен қызғанамын": Нұрболат Абдуллин алғаш рет жұбайы туралы ашып айтты

Опубликовано:

Нұрболат Абдуллин әйелімен
Фото: Instagram/nurbullin

Отандық танымал әнші Нұрболат Абдуллин алғаш рет әйелі туралы айтып берді. Өнер иесінің жары да кәсіби музыкант болып шықты. Алайда, бүгінде бала тәрбиесімен үйде отыр, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Нұрболат Абдуллин келіншегі өзінен асып кеткен музыкант екенін айтты. Оның сөзінше, әйелі сахнаға аса құштар емес. Ол – өте сауатты мұғалім, дейді ол.

"Әйелім менен де өткен музыкант. Себебі ол кісі менен көп оқыды. Мен оны үйде қамап отырмын деп айта алмаймын. Өйткені өзінің қалауы сол болды. Менің жүрісім көп, ел аралап жүремін. Ол кісі де менің қасымда ел аралап жүрсе, баланың тәрбиесіне кім қарайламақ? Бұл біздің келісілген ішкі саясатымыз. Қазір кішкентайлардың тәрбиесімен үйде отыр. Құдай қаласа олар сәл өскеннен кейін, ол кісінің мамандығы бойынша жұмыс істеуіне мен қарсы емеспін. Ол – мұғалім. Кезінде екеуміз мектепте бірге сабақ бердік. Саханада жүруге өзі де құштар емес", - деді ол.

Сонымен қатар әнші жарын өзгелерден қатты қызғанатынын айтты.

"Мен бұл жұмысқа кіріскеннен кейін ол да бәрін түсінді. Себебі бұл жерде жүру оңай нәрсе емес. Одан кейін мен де ер адаммын ғой. Біреудің сөзінен, көзінен қызғанамын. Бірақ, мен оның өнерін шектеп тастағам жоқ. Ол өз білетінін балаларға үйретуге әлі уақыты бар. Ол мұғалімдік жолда өте сауатты адам. Оны жүз пайыз айта аламын. Мен оны қызғанамын.

Бірақ, ол кісінің қасында менің қызғанғаным қалып қояды ғой. Қазіргі таңда, түсіністікпен қарап, үйренді ғой. Менің өнерімді бағалайтын жанкүйерлерімнің бетімнен сүйіп, құшақтап, суретке түсіп жатқанын қазір келіншегім түсіне бастады", – деп айтты әртіс "Talk Like" бағдарламасында,.

Айта кетейік, бұған дейін Нұрболат Абдуллин марқұм әкесін есіне алып, оған деген сағынышын жеткізген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1962954-eldin-kozinen-qyzganamyn-nurbolat-abdullin-algas-ret-zubaiy-turaly-asyp-aitty/

pixel