Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бір-бірімізді жақтырмадық": Заңғар Нұртас келіншегімен қалай танысқанын айтып берді (фото, видео)

Опубликовано:

Заңғар Нұртас сүйіктісімен
Фото: Instagram/zangaar

Жақында ғана шаңырақ көтерген Заңғар Нұртас жұбайы екеуінің махаббат хикаясы қалай басталғанын айтып берді. Қос ғашық алғаш танысқан кезде бір-бірін жақтырмаған болып шықты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Заңғар Нұртас Instagram парақшасында өзінің қарым-қатынасы қалай өрбігенін қысқаша айтып берді. Әнші маңызды даталарға тоқтап, көпшілік біле бермейтін тың мәліметтерді бөлісті.

Белгілі болғандай, ол жұбайымен шетелде оқып жүргенде танысқан. Алайда қос ғашық бастапқыда бір-бірін жақтыра қоймаған. Олардың махаббаттары кейіннен басталып, тоғыз жылдан кейін отбасылық өмірге алып келген.

Бұл аралықта жастар айырылысып та үлгерген екен. Заңғардың айтуынша, 2020 жылы олардың жолы екіге айырылған. Бірақ қос ғашық бұл сынақтан да өтіп, бір-бірінсіз өмір сүре алмайтындарын түсінген.

"2012 жыл. Жібек пен Заңғар Пекин қаласында оқуға түсті! 2013 жылы екі кішкентай ғана өмірдің ащы-тұщысын көрмеген 17 жасар жас бүлдіршіндер бір-бірін кезіктірді! Бірақ ол кезде бір-бірін жақтырған жоқ. 2014 жылы қайта бір-бірін жолықтырып, 15 наурыз күні Заңғар Жібекке ұсыныс жасады. Сол күннен бастап, әр айдың 15-і екі жастың бір-біріне деген махаббат күні болып қойылды! Сол күннен бастап әр айдың 15-і бір-біріне сыйлық табыстайды. Өз үйінен, отбасынан алыста жүрген қос махаббат, бір-біріне бауыр басып, арқа сүйер жақын адамға айналды!

2020 жылы Заңғар үлкен қателік жасап, Жібекті кешіре алмайтындай жағдайға жеткізді! Яғни олар айырылысты. 2021 жылы жасалған қателік пен айырылысуды сынақ деп түсінді. Себебі ол сынақтан олар өтпей, бір-біріне олар қаншалықты керек екенін, махаббат қарым-қатынасты қалай бағалау керек екенін түсінбеуші еді. 2022 жылы олар отау құрды! Осындай кішкентай кезеңдегі үлкен махаббатқа бұдан бұлай жаман ой пікірлеріңізді жазбаңыздар", - деп жазды әнші.

Оған қоса Заңғар Нұртас әйелі екеуінің студенттік кездегі суреттері мен видеоларын жариялады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1963084-bir-birimizdi-zaqtyrmadyq-zangar-nurtas-kelinsegimen-qalai-tanysqanyn-aityp-berdi-foto-video/

pixel