jitsu gif branding logo appbranding logo app

"Қазақтың ханшайымы": Ұлттық образдағы Анна Данченкоға ел тәнті болды (фото, видео)

Анна Данченко
Фото: Instagram/ann_2905

Танымал тележүргізуші Анна Данченко қалың көпшілікке наурыз мерекесін қалай тойлағанын көрсетіп, желіде қазақтың ұлттық киіміндегі суретін жариялады. Желі қолданушылары ақпарат өкіліне тәнті болып, оған жылы лебіздерін жаудырған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Анна Данченко ұлттық киіммен түскен суретін Instagram парақшасында бөліскен. Онда журналистің шай құйып жатқанын көруге болады. Ол қазақтың оюларымен өрнектелген ерекше киім киіп алған.

Желі қолданушылары тележүргізушінің образына тәнті болып, оған жоғары бағасын берген. Қалың көпшілік Данченконы бірқатар қазақ қызына үлгі боларлық аруға теңеді.

"Қазақ көйлек өзіңізге жараса кетті", "Қандай жарасымды", "Қазақ қыздарына нағыз үлгі", "Қазақтың ханшайымы", "Өте сұлусыз", "Мына образыңыз қатты ұнап жатыр", "Шашыңызды өріп түссеңіз тіптен қатып кетер еді", "Тура қазақ қызындай", "Қазақи нақыштағы киімдер кімге болса да, әдемі жарасады", - деп жазуда оқырмандар.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.