Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұрлан Қоянбаевтың отбасы тағы бір сәбимен толықпақ (фото)

Опубликовано:

Нұрлан Қоянбаев, Әйгерім Қоянбаева және Жұлдыз Әбдікәрімова
Фото: Instagram/zhuldyzabdukarimovaofficial

Отандық танымал кинопродюсер Нұрлан Қоянбаевтың отбасы жақында тағы бір сәбимен толықпақ. Әзілкештің келіншегі Әйгерім үшінші перзентін күтуде. Бұл туралы оның туған күн кешінде белгілі болды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Әйгерім Қоянбаева жаңа жасын атап өту үшін, жақын достарының басын қосқан. Оның туған күн кешінде отандық жұлдыздардан Салтанат Бақаева, Нұржан Керменбаев, Әсел Сағатова, Жанель Мақажан, Жұлдыз Әбдікәрімова болған.

Кеш қонақтары әлеуметтік желіде мерекелік шара кезінен суреттер мен видео жариялап, көпшілікке жұлдызды жанұяның құпиясын ашып қойды. Желі қолданушылары тарап кеткен кадрлардан Әйгерім Қоянбаеваның аяғы ауыр екенін байқап қалған.

Оқырмандар бірден Қоянбаевтар отбасы үшін қуанып, оларға деген ақ тілектерін жаудырды.

"Құттықтаймыз. Тағы бір сәби болады екен", "Нұрланның келіншегі тағы бала күтіп жүрген секілді", "Көпбалалы отбасы болуды нәсіп етсін", "Сіздер үшін қуаныштымыз", "Бақытты болыңыздар", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1963335-nurlan-qoyanbaevtyn-otbasy-tagy-bir-sabimen-tolyqpaq-foto/

pixel