Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Актер Рамазан Амантай алғаш рет әке атанды

Опубликовано:

Рамазан Амантай жарымен
Фото: Instagram/ramantay

Қазақстандық танымал актер, ақын әрі сазгер Рамазан Амантай алғаш рет әке атанды. Өнер иесінің жары 2 сәуір күні қыз баланы дүниеге әкелді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Сүйінші хабарды желіде отандық шоу-бизнес жұлдыздары жеткізді. Олар жас жұбайларды жарыса құттықтап, оларға ақ тілектерін жаудырған.

Желі қолданушылары да барша тілектерге қосылып, ерлі-зайыптыға өз жылы лебіздерін білдірген.

"Кішкентайдың бауы берік болсын", "Үлкен азамтша болсын", "Бақытты болыңыздар. Көбейе беріңіздер", "Алғаш рет ата-ана атануларыңызбен", "Балапандарыңыздың қызығына тоймай жүре бреіңіздер", "Құттықтаймыз. Енді артынан інісі ерсін", - деп жазуда олар.

Айта кетейік, Рамазан Амантай көпшілікке "Бизнес по-казахски" фильміндегі "Еркоштың" образында танылды. Көпшіліктің көңілінен шыққаны соншалық, оның кейіпкеріне арнап Қоянбаев бөлек фильм түсірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1963347-akter-ramazan-amantai-algas-ret-ake-atandy/

pixel