Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жаны таза жігіт екен": Мейрамбек Бесбаев әйгілі Майк Тайсонмен телефон арқылы сөйлесті

Опубликовано:

Мейрамбек Бесбаев
Фото: Instagram/m_besbaev

Қазақ эстрадасының жұлдызы Мейрамбек Бесбаев күллі әлемге әйгілі боксшы Майк Тайсонмен телефон арқылы сөйлесті, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Өнер иесі танымал боксшымен сөйлескен сәтін Instagram парақшасында жариялады. Онда Бесбаев пен Тайсонның видеобайланыс арқылы әңгімелесіп жатқанын көруге болады. Әзірге ағылшын тілін жетік білмейтін әншіге арнайы аудармашы көмектескен.

Мейрамбек Бесбаев Майк Тайсонды жүрегі жұмсақ, жаны таза жігіт ретінде сипаттады.

"Білектің күшімен бүкіл әлемді таң қалдырған, аңыз адам Майк Тайсонмен телефонмен сөйлесу сәті түсті. Жүрегі жұмсақ, жаны таза жігіт екен. Айтпақшы, кептер ұстайтыны бар екенін білетін шығарсыздар. Біздің кептершілер одағының мүшесі десең. Бас аман, бауыр бүтін болып, жақсы күндерде жолығайық. Оразаларыңыз қабыл болсын", - деп жазды әртіс.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1963490-zany-taza-zigit-eken-meirambek-besbaev-aigili-maik-taisonmen-telefon-arqyly-soilesti/

pixel