Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Үнемі қанаттандырып жүретін": Бағлан Әбдірайымов Жақсылық Үшкемпіровты есіне алды

Опубликовано:

Жақсылық Үшкемпіров пен Бағлан Әбдірайымов
Фото: Instagram/baglan_abdraimov_official

"Жігіттер" квартетінің әншісі Бағлан Әбдірайымов марқұм Жақсылық Үшкемпіровты есіне алып, оған жазба арнады. Ол Олимпиада чемпионына деген сағынышын жеткізген, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Әбдірайымов әйгілі спортшыны өзінің ағасындай көргенін айтты. Әншінің сөзінше, Үшкемпіров өзін үнемі қанаттандырып келген.

Өнер иесі Instagram парақшасында Жақсылық Үшкемпіровпен түскен суретін жариялап қойды.

"Суреттерді қарап отырып, Жақсылық ағамен түскен сурет көзіме оттай басылды. "Қазір нешедесің? Қайда әлі жассың ғой, бәріне үлгересің. Еңбек еткенге, дәулет басын иеді" деп үнемі қанаттандырып жүруші еді. Жаныңыз жұмақта шалқысын аға! Мыңбай ауылына арнайы іздеп барған сәт", - деп жазды әртіс.

Желі қолданушылары да Олимпиада чемпионы жайлы естеліктерімен бөлісті.

"Бұл ауылға барғанда жиі көріп тұрушы едік", "Өте мықты кісі еді ғой. Әр сөзі жүрекке жететін", "Нағыз үлгі тұтар жан еді", "Жаны жәннатта болсын", "Артынан өшпес із қалдырды. Менің өмірімді өзгертті десем де болады", "Жақсы кісі еді. Сұхбат аламын деп бір күн қонақ болып едім сол Мыңбайда. Көлік жіберіп алдырып, кешке әкеліп тастаған еді көмекшісі. Бала демей, жас демей құрметтегеніне риза болып едім сол кез. Жақсы әңгімелері әлі есімде", - деп жазуда халық.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1963504-unemi-qanattandyryp-zuretin-baglan-abdiraiymov-zaqsylyq-uskempirovty-esine-aldy/

pixel