Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұрболат Абдуллин концертінен кейін туған күнін дүркіретіп атап өтті (фото)

Опубликовано:

Нұрболат Абдуллин туған күн кешінде
Фото: Instagram/ zhasik_555_kz

Әнші Нұрболат Абдуллин Алматыда берген жеке концертінен кейін бірден туған күнін тойлауға кеткен. Әртіс жаңа жасын барша жақындары мен өнердегі достарымен бірге атап өткен, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Нұрболат Абдуллин туған күнін оңтүстік астанадағы қымбат мейрамханаларының бірінде атап өткен. Оның қуанышына туыстарымен қатар өнерде бірге жүрген әріптестері де келген. Олардың арасында Қайрат Нұртас, Төреғали Төреәлі, Ернар Айдар, Әбдіжаппар Әлқожа, "Меломен" тобы, Бота Бейсенова, Гүлзира Айдарбекова, Әйгерім Қалаубаева сынды жұлдыздар бар.

Туған күн иесі жеке мерекесін концертінен кейін бірден атап өтуді шешкен. Ол ән кешіне өзін қолдап келген өнер иелеріне дастархан жайып, жаңа жасын жоғары деңгейде тойлады.

Жұлдызды қонақтар Абдулиннің туған күн кешінде түскен суреттерді әлеуметтік желілерде жарыса бөлісіп жатты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1963512-nurbolat-abdullin-koncertinen-keiin-tugan-kunin-durkiretip-atap-otti-foto/

pixel