Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мадина Сәдуақасова ұлымен бірге Дубайда демалуда (фото, видео)

Опубликовано:

Мадина Сәдуақасова ұлымен
Фото: Instagram/sadvakasovamadina

Әнші Мадина Сәдуақасова бүгінде ұлымен бірге Біріккен Араб Әмірліктерінде демалып жатыр. Өнер иесі бірнеше қалаға созылған гастрольдік сапары аяқталған соң, баласын ыстық мекенге апаруды жөн көрген, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Сәдуақасованың Дубайда демалып жатқаны жайлы Instagram парақшасынан белгілі болған. Шоу-бизнес жұлдызы өзі гастрольдік сапарда болған кезде баласының демалысы аяқталып кеткенін айтты. Сол себепті, ол ән сапары өз мәресіне жеткен бойда ұлын шетелге алып шыққан

Әншінің таңдауы Біріккен Араб Әмірліктеріне түскен. Жұлдызды жанұя бұл елге бірінші рет келіп тұрған жоқ. Олар бұған дейін де Дубайда демалған болатын.

Желі қолданушылары өнер иесіне жақсы демалыс тілеп, оның елге аман-есен оралуын айтты.

"Жақсы демалыс болсын. Неше күннен бері үй көрмей жұмыс істедіңіз. Демалуға әбден лайықсыз", "Баланы қуантуға не жетсін", "Балапан тынығып, күш жинап қайтсын", "Керемет, күшті демалыс болсын", "Жақсы демалып, елге аман оралыңыздар", "Дубайда демалу бізге де бұйырсын", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1963522-madina-saduaqasova-ulymen-birge-dubaida-demaluda-foto-video/

pixel