Актриса Айым Сейтметова қызына қандай есім бергені белгілі болды
Жарияланған күні:
Отандық танымал актриса Айым Сейтметова қызына қандай есім бергенін жария етті. Өнер иесі жақында ғана алғаш рет ана атанған болатын, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Айым Сейтметова тұңғышына Томирис деген есім берген. Бұл туралы актриса өзінің Instagram парақшасында хабарлады.
Ол болашақ перзенттерінің есімдерін сүйіктісімен қыз бен жігіт болып кездесіп жүрген кезде ойластырып қойғанын айтты.
"Итаева Томирис Талгаткызы. Талғат екеуіміз болашақ балаларымыздың есімдерін кездесіп жүрген кезде-ақ таңдап қойған болатынбыз. Қызға да, ұлға да ойластырып қойдық. Қызығы, есімдерді өзара тез келісіп алдық. Біз басқа есімдерді қарастырған да жоқпыз. Қызымыздың мінезі оңай емес. Адамның аты оған тікелей әсер етеді дейтін еді. Сол рас секілді", - деп жазды актриса.
Бүгінде жас ана мен қызы перзентханадан шығып, үйлеріне оралды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1963545-aktrisa-aiym-seitmetova-qyzyna-qandai-esim-bergeni-belgili-boldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.