Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ақшам жоқ болса да, сырғаларым көп еді": Ләйлә Сұлтанқызы студенттік кезін есіне алды

Опубликовано:

Ләйлә Сұлтанқызы
Фото: Instagram/sultankyzy

Отандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы студент болған кезін есіне алып, басынан өткен қызықтарымен бөлісті, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ақпарат өкілі университет қабырғасында оқып жүргенде қаланың сәнді қыздарына қатты қызыққанын айтты. Ол өз қатарластарынан қалысқысы келмей, неше түрлі киім кигісі келген.

Тележүргізуші бірінші жалақысына өзіне түрлі сырға сатып алып, ертесіне ақшасыз қалған кезін есіне алды.

"Ауылдан қалаға оқуға келген кезім, курстағы қаланың сәнді киінген қыздарын көріп, қызығамын. Группамызда қаланың Т деген қызы оқыды. Масқара, неше түрлі сырғасы болатын, күнде әр түрлісін тағады. Ақ көйлекке жүрек сырға, көк көйлекке ай сырға дегендей. Бар арманым, сол қыздағыдай сырғам көп болса екен, сол сияқты әртүрлі киімге неше түрлі сырға тақсам екен.

17 жасымда 50 доллар бірінші айлығымды алғанда, сол күні-ақ Алматыдағы Яляннан үйіп-төгіп арзан сырғаларды 1 қап қып сатып алдым. Сондағым ерекшелену, елге ұнау, сәнді болу. Ертеңіне нанға ақша жоқ болса да, за то сырғаларым көп. Қазір ғой қартайып жасарып отырғанымыз, ол кезде жас болып кәрі болдық па, білмеймін. Ол кезде жараспайтын болса да, кең етек көйлек киіп алып, "әдемі" фигурамызды жасыратынбыз. Ұлдардың қасында ұлдарша жүре беретінбіз.Ал арулардың негізгі қаруы нәзіктік пен қылық екенін кейін ұқтық қой", - деп жазды ол Instagram парақшасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1963684-aqsam-zoq-bolsa-da-syrgalarym-kop-edi-laila-sultanqyzy-studenttik-kezin-esine-aldy/

pixel