Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жалғыздық Аллаға ғана тән": Мөлдір Әуелбекова тағы да тұрмыс құру туралы пікір білдірді

Опубликовано:

Мөлдір Әуелбекова
Фото: Instagram/moldir.auyelbekova

Әнші Мөлдір Әуелбекова желіде жанкүйерлерін қызықтырған сұрақтарға жауап беріп, үшінші рет тұрмыс құруға қатысты пікір білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Өнер иесі Instagram парақшасында сұрақ-жауап ашып, оқырмандары жолдаған сауалдарға жауап берді. Олардың бірі әншіден үшінші мәрте тұрмыс құруға қатысты ойын сұрады.

Әуелбекова болашақта тағы да отбасылы болуы мүмкін екенін жасырмады.

"Жалғыздық Аллаға ғана тән", - деп қысқа қайырды әртіс.

Сонымен қатар өнер иесі шығармашылығындағы жаңалықтарымен де бөлісті. Ол өзі продюсерлік ететін "Назар" тобын сататынын хабарлады.

"Назар тобы" жобасын сатамын. Алуға ниет болса, хабарласыңыздар. Себебі жобамен айналысуға қолым тимейді", - деді Әуелбекова.

Мөлдір Әуелбекованың Stories-і
Фото: Instagram/moldir.auyelbekova

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1963703-zalgyzdyq-allaga-gana-tan-moldir-auelbekova-tagy-da-turmys-quru-turaly-pikir-bildirdi/

pixel