Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Аша Матай тікелей эфир кезінде қыз ұзатты (видео)

Опубликовано:

Аша Матай
Фото: Instagram/asha_matai

Танымал әнші әрі тележүргізуші Аша Матай "Бір болайық" бағдарламасының тікелей эфирі кезінде қатысушы қызды ұзатты. Қос ғашық атышулы жобаның арқасында қосылып, отбасын құрған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Бір болайық" бағдарламасында бағы ашылып, сүйіктісін жолықтырған Аружан есімді аруды ұзату Аша Матайға тапсырылды. Әншінің өзі де аталмыш жобаны осыдан бірер жыл бұрын жүргізген болатын.

Араға бірнеше жыл тастап, тележүргізуші түсірілім алаңына қайта оралған. Алайда, бұл жолы бағдарлама тізгінін ұстау үшін емес, қатысушы аруды ұзату үшін арнайы келген.

Аша Матайдың сыңсу айтып, бойжеткенді ұзатып жатқан сәтінің видеосы әлеуметтік желіде тарап, қызу талқыланды.

Өнер иесінің бұл өнеріне қатысты оқырмандардың пікірі екіге бөлінді. Бірі оның қыз ұзатұанына тәнті болса, енді бірі оны сынға алған.

"Даусы жоқ, кім не түсінді, ұялып кеттім", "Кім не түсінді? Масқара", "Тележүргізуші болып жүре берсін", "Ән айту сенің ісің емес Аша", "Несі бар екен? Маған ұнады", "Аша, ешкімді тыңдама. Жарайсың, әнің менің көңілімнен шықты", "Жақсы орындау. Неге үнемі негатив көресіздер?", "Керемет орындау", - деп жазуда кқпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1963729-asa-matai-tikelei-efir-kezinde-qyz-uzatty-video/

pixel