Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Менің тілекшілерім": Абысындарын көрсеткен Жазира Байырбековаға ел тәнті болды (фото)

Опубликовано:

Жазира Байырбекова абысындарымен
Фото: Instagram/zhazira_bairbekova

Әнші Жазира Байырбекова желіде абысындары мен келіндерімен түскен суретін жариялап, елдің жылы лебізіне ие болды. Қалың көпшілік олардың өзара татулығына тәнті болған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Байырбекова ерекше отбасылық суретін Instagram парақшасында бөлісті. Онда өнер иесінің абысындары мен келіндерімен бір дастархан басында отырғанын көруге болады.

Эстрада жұлдызы олармен өзара арақатынасы қандай екенін ашық айтты. Оның сөзінше, абысындар арасында көреалмаушылық мүлдем жоқ. Олар бір-біріне үнемі қолдау көрсетіп жүреді екен.

"Абысындар бір-бірін көре алмайды деген сөздерге мен қосыла алмаймын. Менің ауылдағы абысын, келіндерімнің бәрі менің тілекшілерім. Маған деген көңілдері тап-таза екені жүздерінен көрінеді. Орамалдарға тиіспейміз. Аралда түрлі-түсті таға береді", - деп жазды ол.

Желі қолданушылары абысындардың жылы қарым-қатынасына тәнті болып, оларға ыстық ықыласын білдірді.

"Қандай керемет көрініс. Абысын тату болса, ас көп", "Барлығы сұлу. Бір үйдің гүлі", "Бәрінің көздері де, өңдері де жылы екен", "Иә, абысындардың көзінен көруге болады ғой саған деген көңілін", " Бір-бірлеріңізге ұқсайсыздар екен", "Сыйластықтарыңыз арта берсін", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1963767-menin-tileksilerim-abysyndaryn-korsetken-zazira-baiyrbekovaga-el-tanti-boldy-foto/

pixel