Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жеңіс Сейдуллаұлы республикалық эстрада-цирк колледжінің директоры болып тағайындалды

Опубликовано:

Жеңіс Сейдуллаұлы
Жеңіс Сейдуллаұлы. Фото: instagram.com/zhenisseidullauly

Мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен әнші Жеңіс Сейдуллаұлы "Ж. Елебеков атындағы республикалық эстрада-цирк колледжі" РМҚК директоры қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрілігі ресми сайтында хабарлады.

Жеңіс Сейдуллаұлы 1962 жылы 14 мамырда Қызылорда облысында дүниеге келген.

1982 жылы Шымкент музыка училищесін бітірген, Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының түлегі.

Әр жылдары "Арқас" ансамблінің аспапшы-артисі, "Гүлдер" мемлекеттік ансамблінің бас дирижері, Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясының солисі болып жұмыс істеген.

Сондай-ақ ол "Гүлдер" ансамблінің директоры, Алматы қаласы "Қазақ әуендері" АҚ өңірлік директоры, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының шығармашылық жұмыс және сыртқы байланыстар жөніндегі проректоры, Ж.Елебеков атындағы республикалық эстрада-цирк колледжінің директоры қызметтерін атқарған.

2016-2018 жылдары Жамбыл атындағы қазақ мемлекеттік филармониясының директоры болды.

2018 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін "Қазақконцерт" ұйымына басшылық еткен.

Айта кетейік, енді "Роза Бағланова атындағы Қазақконцерт" мемлекеттік концерттік ұйымын" бұрынғы Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова басқарады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1963819-zenis-seidullauly-elebekov-atyndagy-estrada-cirk-kolledzinin-direktory-bolyp-tagaiyndaldy/

pixel