Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

68 жастағы танымал ресейлік музыканттың төртінші баласы дүниеге келді (фото)

Опубликовано:

Андрей Макаревич
Андрей Макаревич. Фото: facebook/makarevichav

Ресейлік "Машина времени" тобының жетекшісі, 68 жастағы танымал музыкант Андрей Макаревичтің төртінші перзенті өмірге келді. Бұл туралы өнер иесі өзінің Facebook-тегі парақшасында хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Танысып қойыңыздар. Есімі - Эйтан", - деді ол желіде жаңа туған нәрестенің суретін жариялап.

Вконтакте желісіндегі "Машина времени" тобының ресми парақшасындағы мәліметке сүйенсек, сәби 30 наурыз күні 7.50-де Израильдің Тель-Авив қаласында дүниеге келген.

Анасы израилдік журналист әрі фотограф Эйнат Кляйн. Ол Макаревичпен 2019 жылы бас қосқан.

Андрей Макаревич отбасымен
Андрей Макаревич жанұясымен. Фото: ВКонтакте/"Машина Времени" тобы

Айта кетейік, Эйтан - Андрей Макаревичтің төртінші перзенті.

Музыканттың одан бөлек 1975 жылғы дүниеге келген Дана есімді қызы, екінші әйелі Алла Голубкинадан 1987 жылы дүниеге келген Иван атты ұлы бар.

2000 жылы азаматтық некеден өнер иесінің үшінші сәбиі өмірге келді. Нәрестенің анасы - топтың баспасөз хатшысы Анна Рождественская.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1963852-68-zastagy-tanymal-reseilik-muzykanttyn-tortinsi-balasy-duniege-keldi-foto/

pixel