Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ойымда болған жоқ": Роза Рымбаева Иманбекпен дуэт жазуға қалай келіскенін айтты

Опубликовано:

Роза Рымбаева1
Фото: instagram.com/rozarymbaeva

Алғашқыда Иманбек Зейкеновті сынға алған Роза Рымбаева бүгінде онымен бірге дуэт жазды. Жас диджей әншінің "Наурыз" әніне ремикс жасады. Бұл тұрғыда Халық әртісі Иманбекпен бірлесіп жұмыс істеуге қалай келіскенін айтып берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы Роза Қуанышқызы "НТК" арнасына берген сұхбатында айтты.

"Шынымды айтсам, осы баламен дуэт айтамын деген ойымда болған жоқ. Ұсыныс келді, оны маған Әли айтты. Және де басқаша, дискотека, клубка арналған стильде жасасақ, қалай қарайсыз деп ұсыныс білдірді. "Оны жасайтын өздеріңсіңдер. Жоғары деңгейде жасасаңдар, неге айтпасқа?" дедім. Келістім, осындай ән болып шықты. Біреу түпнұсқасын жақсы көреді, біреулер осы нұсқасын қызығып тыңдайды", –  деді Рымбаева.

Сонымен қатар өнер иесі Зейкеновке деген көзқарасының өзгергенін білдірді. 

"Иманбек – жеке-дара, өзінің музыкасымен келе жатқан бала. Иманбек егер де қазақ әнін жасап шығарса, ерекшеленер еді", –  деді ол.

Айта кетерлігі, екіжақты келісім бойынша ремикс жазылып, жұмыс сонымен аяқталды. Рымбаеваның Иманбекпен бір сахнаға шығар ойы жоқ. Алайда ұлы Әлидің айтуынша, елдің көңілінен шыққан жұмыс болашақта жалғасын табуы мүмкін. 

"Әзірге келісімшарт бойынша жұмысымыз осымен аяқталды. Бірақ кім біледі, сәтті шыққан жұмысты әрі қарай жалғастыруымыз мүмкін", –  деді Әли Оқапов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1963885-oiymda-bolgan-zoq-roza-rymbaeva-imanbekpen-duet-zazuga-qalai-keliskenin-aitty/

pixel