Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Осымен бұл әңгіме жабылсын": Әбдікәрімова отбасы жайлы қауесеттерді тоқтатуды сұрады

Опубликовано:

Жұлдыз Әбдікәрімова
Фото: Instagram/zhuldyzabdukarimovaofficial

Отандық танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова қасиетті Рамазан айында да өзіне қатысты түрлі қауесеттер тоқтамай жатқанын қатты күйінді. Ашуға булыққан өнер иесі жеке өмірінен "хайп" жасамайытынын кесіп айтты. Ол, тіпті, ақылы сұхбаттардан бас тартып жүр екен, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жұлдыз Әбдікәрімова өзінің жанұясына қатысты қаеусеттерді тараптып, оны сұрақтың астына алған көпшілікке жауап берді. Актриса оларға деген үндеуін Instagram парақшасы арқылы жеткізді.

Ол желі қолданушыларынан өзінің жанұясын талқылауды тоқтатуын сұрады.

Жұлдыз Әбдікәрімованың Stories-і
Скриншот: Instagram/zhuldyzabdukarimovaofficial

"Қасиетті ай болса да, қасиетімізден айырар сөз қуу, өсек айту тоқтамай тұр. Хайптау да, айыптау да менікі емес. Сондықтан болар 1045 түрлі арнаның журналистері хабарласып, "ақылы" сұхбатқа шақырса да, бас тартып жүргенім. Сол бас тартқанымнан да шығар, түрлі тақырыптармен ақылға қонымсыз дүниелерді жазып жатқаны.

Хайп керек болмағандықтан болар, ел менің бірде бір ақталуымды, даттауымды, жақтауымды, мақтауымды естімегені және өздеріңіз өсіріп жатқан статистиканы көрмегені. Сұрақ шыққан жерден жауап та шығады. Сол үшін әркімге барып ақтарылып, ақыл сұрау да маған жат. Осымен бұл әңгіме жабылсын. Себебі 1 секундтан кейін алдымызда не күтіп тұрғанын білмейтін пенде үшін ертең не болары құдайына ғана мәлім", - де

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1963906-osymen-bul-angime-zabylsyn-abdikarimova-otbasy-zaily-qauesetterdi-toqtatudy-surady/

pixel