Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Иманбек әлемдік турнеге шығатынын жария етті

Опубликовано:

Иманбек Зейкенов
Иманбек. Фото: instagram.com/imanbekmusic

Қазақстандық диджей, "Grammy" сыйлығының иегері Иманбек Зейкенов әлемдік турнеге шықпақ. Диджей желіде "Rahmet world tour" турнесінің анонсын жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Иманбектің концерттік шаралары Америка құрама штаттары, Бразилия мен Еуропа қалаларында өтеді деп жоспарлануда. Турне 8 сәуірде Нью-Йорктен басталып, 25 қыркүйекте Берлинде аяқталады.

"Rahmet tour-дың анонсы шықты. Күндерін қарап жүріңіздер", - деп жазды Imanbek Instagram желісінде.

Диджейдің жанкүйерлері бұл жаңалыққа аса қуанып, оның концерттерін асыға күтетіндерін жазуда.

Айта кетейік, бұған дейін Imanbek 20 мамырда Колорадода өтетін концертінің анонсын жариялады. Temple Denver алаңында өтетін концертке сатылған әр билеттен 1 доллардан музыканы ұнататындар қауымдастағына арналған қайырымдылық жобасына жұмсалады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1963960-imanbek-alemdik-turnege-sygatynyn-zariya-etti/

pixel