Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Дәрігерлеріме мың алғыс": Сәбит Әбдіхалықов ауруханаға түсіп қалды (фото)

Опубликовано:

Сәбит Әбдіхалықов
Фото: Instagram/sabit_abdykalykov

Жақында жетінші перзенті дүниеге келген актер әрі продюсер Сәбіит Әбдіхалықов ауруханаға түсіп қалған. Бұл туралы өнер иесінің өзі Instagram парақшасында хабарлаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Сәбит Әбдіхалықов парақшасында ауруханада түскен суретін жариялап, Алматы кардио орталығының ұжымына өз алғысын айтты. Актер бірнеше жыл бойы осы орталық дәрігерлерінің көмегіне жүгініп жүр.

"Алматы кардио орталығының дәрігерлері, медбикелері мен басшысы Алмат Тұрысбекұлына мың алғыс! Нағыз өз ісінің мамандары. 2016 жылы инфаркт алғанымда аман алып қалды. Жеті жылға жуық жүрегімді емдеп келеді", - деп жазды ол.

Желі қолданушылары өнер иесі үшін қатты алаңдап, оған тез сауығып кетуін тіледі.

"Алла шипасын берсін", "Тез жазылып кетіңіз", "Еш нәрсе ойламаңыз, айналаңыз аман, бәрі жақсы Соған шүкіршілік айтып жүрекке салмақ салмай өмір сүре беріңіз. Сынық арба көпке жетеді деген, сынық жүрекке тыныштық орнатсаңыз талай жерге барасыз әлі", "Сәбит аға ауырмай жүріңіз, денсаулығыңыз күннен күнге жақсарып кетсін. Сіз бізге керексіз, сіз телевизияға керексіз, сіз қазаққа керексіз", - деп жазуда олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1963982-darigerlerime-myn-algys-sabit-abdixalyqov-auruxanaga-tusip-qaldy-foto/

pixel