Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Актриса Динара Бақтыбаева алаяқтардың арбауына түсіп қала жаздаған

Опубликовано:

Динара Бақтыбаева
Фото: Instagram/dika_strai

Қазақстандық танымал актриса Динара Бақтыбаева алаяқтардың құрбаны бола жаздаған. Өнер иесіне бейтаныс біреу хабарласып, оның ақша жымқырғанын айтқан, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бақытбаева басынан өткен жағдайды Instagram парақшасы арқылы оқырмандарына баяндап берген.

"Осыдан бір жарым сағат бұрын маған белгісіз біреулер қоңырау шалып, ІІМ-нен хабарласып тұрғандарын айтты. Олар маған келуімді талап етті. Мен бірден не үшін екенін сұрадым. "Себебі, сіздің шотыңыздан ақша жымқыру операциясы іске асқан. Осыған орай Ұлттық банк арыз түсірді" деді олар. Мен жай ғана тұтқаны қоя салдым. Алаяқтар", - деді актриса.

Өнер иесінің сөзінше, хабарласқан нөмір қазақстандық болмаған. Ол көршілес елдегі зауттың маркетинг бөлімінің нөмірімен сай келген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1964089-aktrisa-dinara-baqtybaeva-alayaqtardyn-arbauyna-tusip-qala-zazdagan/

pixel