Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Аңыз адам": Димаш Құдайберген әйгілі Джеки Чанды туған күнімен құттықтады

Опубликовано:

Джеки Чан мен Димаш Құдайберген
Фото: Instagram/kudaibergenov.dimash

Қазақ атын қалың көпшілікке танытып жүрген Димаш Құдайберген әлемге әйгілі қытай актері Джеки Чанды туған күнімен құттықтады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Өнер иесі Instagram парақшасында Джеки Чанға жазба арнап, оған деген ақ тілегін жолдаған. Димаш Құдайберген туған күн иесімен түскен суретін де жариялады.

"Туған күніңізбен, аңыз адам. Сізге бар жақсылықты тілеймін. Сіз тек маған емес, бүкіл адамзатқа үлгісіз", - деп жазды әнші.

Айта кетейік, Димаш Құдайберген мен Джеки Чанның таныстығы 2017 жылы Қытайда I am a Singer жобасы кезінде орын алды. Актер қазақ баласының өнеріне тәнті болып, оған жоғары бағасын берген. Қос жұлдыз кездесіп, бір-біріне деген сыйластықтарын көрсетті. Джеки Чан оған өз күртешесін сыйласа, Димаш Джекиге шапан жауып, домбыра тарту етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1964113-anyz-adam-dimas-qudaibergen-aigili-dzeki-candy-tugan-kunimen-quttyqtady/

pixel