Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жахан Отарғалиев өмірдегі басты мотивациясы қандай екенін айтты

Опубликовано:

Жахан Отарғалиев пен Балжан Бидаш
Фото: Instagram/zhahan_utargaliyev

Қазақстандық танымал актер Жахан Отарғалиев желіде әйелімен түскен кезекті фотосессиясын жариялап, өміріндегі басты мотивациясын атады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Актер өмірдегі басты мотивациялары қандай екенін Instagram парақшасында айтып берді. Ол дәлелдеу мен сенімді ақтау қағидалары бойынша өмір сүретінін жеткізді.

"Өмірдегі менің екі басты мотивациям: Маған жаны ашып, мені шын жақсы көріп, сенген адамдардың сенімін ақтау. Маған сенбеген адамдарға дәлелдеу. Осы екеуі мені үнемі шабыттандырады", - деп жазды ол.

Сонымен қатар Отарғалиев келіншегі Балжан Бидашпен түскен жаңа суреттерін бөлісті. Ерлі-зайыпты Стамбул қаласында арнайы фотосессия жасағанға ұқсайды.

Желі қолданушылары өнер иесінің өмірлік ұстанымына тәнті болып, оған қолдау білдірген.

"Өте дұрыс айтқансыз. Сізбен келісемін", "Сенімді ақтау өте дұрыс айтылған. Ал дәлелдеу меніңше, көп энергияны қажет етеді", "Ал мен сізден мотивация аламын", "Керемет отбасы. Бақытты болыңыздар", "Мықтысыздар. Сенімді ақтап, сенбегендерге дәлелдей беріңіздер", - деп жазуда оқырмандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1964121-zaxan-otargaliev-omirdegi-basty-motivaciyasy-qandai-ekenin-aitty/

pixel