Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Актер Рамазан Амантай келіншегі мен қызын перзентханадан шығарып алды (видео)

Опубликовано:

Рамазан Амантай жарымен
Фото: Instagram/ramantay

Жақында ғана қызды болған Рамазан Амантай келіншегі мен сәбиін перзентханадан шығарып алды. Актердің қуанышына оның өнердегі достары ортақтасып келген, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Рамазан Амантай әйелі мен қызын перзентханадан шығарып, үйіне алып қайтқан сәтін Instagram парақшасында жариялаған.

Актерді құттықтап келген барша жақындары мен достары да әлеуметтік желіде суреттер мен видеоларды бөлісуде.

Бейнежазбадан жұлдызды әкенің келіншегіне қызыл түсті раушан гүлдерін тарту етіп, қызын ортаға алып шыққанын көруге болады.

Отбасылық шараға қатысқан жұлдыздар ерлі-зайыптыны құттықтап, оларға ерекше көңіл-күй сыйлаған. Олардың арасында Еркеш Хасен мен Дана Кентай болды.

Желі қолданушылары жас жұбайларды жарыса құттықтап, өз ақ тілектерін жаудырды.

"Үлкен азаматша болсын", "Еліне сыйлы ару болып өссін", "Құттықтаймыз. Осындай қуаныштарыңыз көп бола берсін", "Бақытты болыңыздар. Балапандарыңыз көбейе берсін", "Осындай достарыңыз көп болсын", - деп жазуда олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1964130-akter-ramazan-amantai-kelinsegi-men-qyzyn-perzentxanadan-sygaryp-aldy-video/

pixel