Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сыртқы келбетіме көңілім толмайтын": Дина Төлепберген сұлулық жайлы ой қозғады

Опубликовано:

Дина Төлепберген
Фото: Instagram/dina_tolepbergen

Отандық танымал тележүргізуші Дина Төлепберген сұлулық тақырыбын қозғап, оған қатысты өз ойын айтты. Ақпарат өкілі мектеп кезінде өзінің сыртқы келбетіне көңілі толмағанын жеткізді. Алайда уақыт өте келе ол өзін осы қалпында қабылдай алған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Дина Төлепберген сыртқы бейнеге қарағанда ішкі сұлулық әлдеқайда маңызды деп есептейді. Журналист бұл тұжырымға ұзақ жылдар бойы өз тәжірибесі негізінде келген.

Тележүргізуші мектеп қабырғасында өзін сұлу қыздар қатарына мүлдем жатқызбаған екен. Алайда уақыт өте келе ойы өзгерген. Сол себепті ол бүгінде өзін әдемі емес деп санап, бойында сенімсіздік пайда болған аруларға өз кеңесін айтты.

"Мен әдемі емеспін" дегенді миына нығыздап алған қыздарға жазамын осы постты. Кішкентай кезімде менің де сыртқы келбетіме көңілім онша толмайтын. Кластағы "ең сұлу, ең әдемі қыздар кім?" деген сұрақ маған қатысты емес деп ойлайтынмын. Бірақ менің анам маған ылғи, "Сен ерекшесің!" деуден жалықпады.

Өсе келе мен сол ерекшеліктерімді іздедім және күшті жақтарымды арттыруға талпындым. Санамдағы әдемілік пен сұлулық нормалары өзгере бастады. Ішкі сұлулықтың маңызды екенін ұқтым. Сөйтіп, өзімді қабылдадым. Алла-Тағалам маған мейірімін аямапты деп күнде шүкіршілік етемін. Қыздар, арудың бәрі айдай сұлу, тек әр адамның өз ерекшелігі бар. Әрдайым есіңізде жүрсінші", - деп жазды ол Instagram парақшасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1964138-syrtqy-kelbetime-konilim-tolmaityn-dina-tolepbergen-sululyq-zaily-aitty/

pixel