Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Аяғы ауыр Жәния Джуринская Дубайда демалып жатыр (видео)

Опубликовано:

Жәния Джуринская
Фото: Instagram/djurinskaya

Қазақстандық танымал актриса Жәния Джуринская өнердегі әріптестерінен қалыспай, шетелге шығуды жөн көрген. Аяғы ауыр әртіс бүгінде Біріккен Араб Әмірліктерінде демалып жатыр, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жәния Джуринскаяның Дубайға ұшып кеткені жайлы оның Instagram парақшасынан белгілі болды. Өнер иесі желіде белсенділігін арттырып, оқырмандарына ыстық мекенде демалысы қалай өтіп жатқанын көрсетіп жүр.

Актриса күнделікті фото және видеолар жариялап, жанкүйерлерімен өз қызықтарымен бөлісуде.

Джуринская бұл демалысына қатты асыққанын жасырмады. Өйткені дәрігерлер алдағы уақытта оның ұшуына тыйым салынатынын ескерткен.

"Дәрігерім "жақында сен ұшпайтын боласың" дегенде жүрегім қатты соғып кетті. Үнемі бір елден екіншісіне ұшып жүре беретін адам үшін бұл жаңалық ерекше әсер етеді екен. Бұл хабарды естіген бойда билеттер алып қойдық. Қазір мен керемет демалып жатырмын. Судан шықпай шомылып жүрмін", - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1964178-ayagy-auyr-zaniya-dzurinskaya-dubaida-demalyp-zatyr-video/

pixel