Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Австрия, Италия, Франция": Асхат Тарғын әйелімен Еуропаны аралап жүр (фото, видео)

Опубликовано:

Асхат Тарғын әйелімен
Фото: Instagram/askhat_targin

Әнші Асхат Тарғын Еуропа елдерінде саяхаттап жүр. Өнер иесі бұл сапарға әйелімен бірге аттанған. Ерлі-зайыпты Италия мен Францияның әсем жерлерін аралауда, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Асхат Тарғын шетел асып кеткенін өзінің Instagram парақшасында хабарлады. Шоу-бизнес жұлдызы өзге әріптестері секілді БАӘ, Мысыр және Түркияға емес, Еуропаға саяхат жасауды ұйғарған.

Өнер иесі әйелімен бірге алдымен Австрияның Вена қаласына тоқтап, кейін Италияға жол тартқан. Онда ерлі-зайыпты Милан және Венецияны аралап шыққан.

Одан кейін олар махаббат қаласы саналатын Парижге баруды жөн көрген. Францияда әнші танымал "ПСЖ" футбол клубының ойнына қатысып қайтты. Сондай-ақ ерлі-зайыпты әйгілі Эйфель мұнарасының қасында серуендеген.

Еуропаның ең әсем жерлерін аралап жүрген әртіс Instagram парақшасында саяхатынан алып жатқан әсерімен бөлісіп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1964201-avstriya-italiya-franciya-asxat-targyn-aielimen-europany-aralap-zur-foto-video/

pixel