jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    Дина Төлепберген: Мүшел жылдың сынағы көп болады деген рас екен

    Дина Төлепберген
    Фото: Instagram/dina_tolepbergen

    Қазақстандық танымал тележүргізуші Дина Төлепберген 38 жасқа толды. Журналист мүшел жастан аман-есен шыққанына қуанып, желіде жазба жариялады. Ол өткен жылдың сынағы көп болғанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Ақпарат өкілі өткен жылдан сабақ алып, бүгінде уақыттың қадірін түсінген. Ол енді уақытын бекершілікке жұмсамауға сөз беріп, өзіне жаңа жасты нәсіп еткен құдайға алғысын білдірді.

    Сондай-ақ ол мүшел жастан аман-есен өту үшін не істеу керектігін айтты.

    "Мүшел жастан бүгін шықтым! Аман есен өткен жылыма көп рақмет. Дуалы ауыздар рас айтады екен, мүшел жылдың сынағы көп болады деп. Аман-есен өту үшін өзің үшін ең қымбат киімді сыйлау қажет екен. Осы жылы мен біраз өзгергендеймін. Бұрын қателіктерім үшін өзімді жегі құрттай жейтінмін.

    Енді өткеннің бәрін тәжірибе деп қабылдайтын болдым. Асылы- ой түю, сабақ алу. Қайталамауға талпыну. Өткен істі ойлай бермей, бүгінмен өмір сүру, болашақты бағамдау. Маған 38жасқа толуды нәсіп еткен Алла тағалама алғыс! Жаңа жасымды бекершілікке жұмсамауға талпынамын. Өйткені бұл өмірдегі ең қымбат- ол уақыт қой", - деп жазды Дина Төлепберген Instagram парақшасында.

    Дина Төлепберген: Мүшел жылдың сынағы көп болады деген рас екен

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.