Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Айдарбекованың ұлдары мен құрбылары оны туған күнімен ерекше құттықтады (видео)

Опубликовано:

Гүлзира Айдарбекова жақындарымен
Фото: Instagram/gulziraaidarbekova

Гүлзира Айдарбекова жаңа жасын ет-жақындарымен бірге қарсы алған. Белгілі продюсерді алғашқылардың бірі болып, ұлдары мен құрбылары құттықтаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Айдарбекованың перзенттері мен құрбылары түнгі он екіден кейін оның үйіне арнайы келіп, оған естен кетпес тосынсый жасаған.

Қайрат Нұртастың анасы туған күні қалай басталғанын өзінің Instagram парақшасында көрсетті. Онда продюсердің құрбылары бірінен соң бірі кіріп, оған гүл шоқтарын тарту еткен. Артынан жұлдызды ұлы Қайрат Нұртас та анасын құттықтап келгенін көруге болады.

Айдарбекова жаңа жасын дүркіретіп атап өтуге ниетті екенін айтты.

"Сағат тілі 12:00 ді көрсеткеннен бастап, құттықтаулар, тағат таппай шырылдаған телефон қоңыраулары, құшақ-құшақ гүлдер жүрегімнің дүрсілін сағат тілінен де екі есеге көбейтіп жібергендей сезімде болдым. Менің мына өмірде бар екенімді ескеріп, көңіл бөліп құшақ-құшақ гүлімен келіп жатқан жақындарымның біріне алғысым шексіз! Айлардың сұлтаны Ораза айына қабаттасып келген туған күнімде ағайын туыс, дос-жарандарға ауыз ашар беріп, дұға-тілектерін есітер уақыт кешке жалғасын табатын шығар деп ниеттеніп отырмын Алла амандық берсе. Ел тыныш, жұртымыз, отбасымыз аман болып, жамандықтан емес, жақсылықтан шаршай беруді Алла жазсын", - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1964566-aidarbekovanyn-uldary-men-qurbylary-ony-tugan-kunimen-erekse-quttyqtady-video/

pixel