Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әйелімен концертте билеген Ғазизхан Шекербековке ел тәнті болды (видео)

Опубликовано:

Ғазизхан Шекербеков жарымен
Видеодан кадр: Instagram/gazizkhan

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Ғазизхан Шекербеков желіде әйелімен түскен ерекше видеосын жариылап, елді тәнті етті. Өнер иесі келіншегін Алексей Чумаковтың концертіне апарған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Шекербеков аталмыш бейнежазбаны Instagram парақшасында бөлісті. Онда әншінің концерт кезінде көпшілік алдында әйелімен вальс билеп тұрғанын көруге болады.

"Осы қыз ғой, Бота деген", - деп оқырмандарына келіншегін таныстырды әртіс.

Желі қолданушылары ерлі-зайыптыға тәнті болып, оларға жылы лебіздерін білдірді.

"Бақытты болыңдар", "Өте керемет жұп. Көз тимесін", "Бір-біріне махаббатпен қарап тұр. Бір жастықта қартаюды нәсіп етсін сіздерге", "Бәрі Ботаның арқасы, бақытты болыңыздар", "Қандай тәтті жұп. Ғазизхан мырзаның музасын бірінші рет көріп тұрмын", "Ақырындап әйелін көрсете бастады", "Жандарым бакытты баянды өмір сүре беріңіздер", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1964602-aielimen-koncertte-bilegen-gazizxan-sekerbekovke-el-tanti-boldy-video/

pixel