"Беташарда екенімді түсінбей қалдым": Махаббат Мүсілім Тәуекелмен таныстығы туралы айтты
Жарияланған күні:
Танымал актер Тәуекел Мүсілімнің әйелі қалың көпшілікке күйеуі екеуінің махаббат хикаясы қалай басталғанын айтып берді. Махаббат Мүсілім сүйіктісімен өткен кездесулерден фото мен видеоларды жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Өнер иесінің келіншегі жеке өміріне қатысты жан сырын Instagram парақшасында ақтарған. Жақында жұлдызды жұптың танысқанына үш жыл болған.
Қос ғашық жарнамалық бейнероликтің түсірілімі кезінде танысқан.
"Біздің таныстықты үнемі күліп есіме аламын. Сол күн әлі күнге дейін есімде, кеше ғана болғандай. Болашақ күйеуіммен әлеуметтік желілерде емес, шынайы өмірде танысуды армандайтынмын. Бұл тілегім Алланың құлағына шалынып, арманым орындалды", - деп жазды ол.
Махаббат Мүсілім жұлдызды күйеуімен түскен суреттері мен видеоларын жариялап, кездесулері қалай өткенін айтып берді.
"Біз сол кезде тауға жиі баратынбыз. Сол дәстүрімізді осы жылы жандандырсақ деп отырмыз. Жылқыларға мініп, Фурманов шыңын бірге бағындырдық. Уайымсыз студенттік кезім. Ал одан кейін Шымкентте беташарда тұрғанымды түсінбей қалдым. Қалжың", - деді актердің әйелі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1964786-betasarda-ekenimdi-tusinbei-qaldym-maxabbat-musilim-tauekelmen-tanystygy-turaly-aitty/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.