Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бір-бірімізге деген құрметіміз мәңгі болсын": Тамара Асар күйеуін туған күнімен құттықтады

Опубликовано:

Тамара Асар жолдасымен
Фото: instagram.com/tamara_assar_official

Әнші Тамара Асар күйеуін туған күнімен құттықтап, желіде оған әсерлі жазба арнады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Эстрада жұлдызы отағасына деген ақ тілегін Instagram парақшасында жолдаған.

"Туған күніңіз құтты болсын папасы! Бір-біріімізге деген құрметімізбен қызметіміз мәңгі шынайы әрі берік болсын! Балапандарымыз аман,болашақтары жарқын болсын! Бүгінгі біздің шаңыраққа құрметтеп келген қонақтардың бәріне бас идім. Ардақты ағайын баршаңыздың шаңырақтарыңызда той болсын", - деп жазды Тамара Асар.

Оған қоса әнші ерекше отбасылық суретін бөлісті. Онда ерлі-зайыптының қыздарымен бірге тұрғанын көруге болады.

Желі қолданушылары да туған күн иесін құттықтап, оған өз жылы лебіздерін білдірген.

"Туған күніңізбен. Бақытты болыңыздар", "Көз тимесін жанұяларыңызға. Махаббаттарыңыз баянды болғай", "Құттықтаймыз. Қосағыңыз ғұмырлы болсын", "Қуанышты күндеріңіз ортаймасын. Туған күн құтты болсын. Амандық тілеймін отбасыңызға", - деп жазуда оқырмандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1964846-bir-birimizge-degen-qurmetimiz-mangi-bolsyn-tamara-asar-kuieuin-tugan-kunimen-quttyqtady/

pixel