Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жазира Байырбекова Мысыр елінде демалуда (фото)

Опубликовано:

Жазира Байырбекова
Фото: Instagram/zhazira_bairbekova

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Жазира Байырбекова өнердегі әріптестерінен қалыспай, шетелге шығуды жөн көрген. Өнер иесі отбасымен Мысыр елінде демалып жатыр, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Әншінің өзге елде жүргені туралы Instagram желісінен белгілі болды. Ол өз оқырмандарына Мысыр еліне ұшып келгенін хабарлап, демалысы қалай өтіп жатқанын айтып берді.

Байырбекова Каир қаласының тарихи жерлерін аралап, саяхатынан алған әсерімен бөлісуде. Ол парақшасында түрлі фото мен видеолар жариялады.

Эстрада жұлдызы Мысырдағы халықтың өмірі Қазақстаннан әлдеқайда төмен екенін айтты.

"Мысырда адам саны 100 млннан асады. Каир қаласының өзінде 20 млн халық тұрады екен. Үйсіз отбасы көп.судың жағасында қайықта бала-шағасымен тұрып жатқандарды да көрдік. Қазақстан ексең егінін беретін, өсірсең малы өсетін, қазсаң мұнайы шығатын берекелі жерге орналасқан. Әділетті басшы,еңбеккор халықы болса бізде кедей отбасы болмайды. Аллаға шүкір деңіздерші", - деп жазды ол.

Жанболат пен Жазира әлемнің жеті кереметіне кіретін пирамидаларды өз көзімен көріп, Каирдегі көне мұражайға барған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1964950-zazira-baiyrbekova-mysyr-elinde-demaluda-foto/

pixel