Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мүлдем араласпаймыз": Сиви Махмуди бұрынғы күйеуі туралы айтты

Опубликовано:

сиви махмуди
Певица Сиви Махмуди: Instagram / sivi_makhmudi

Әнші Сиви Махмуди бұрынғы күйеуімен бүгінде қандай қарым-қатынаста екенін ашық айтты. Өнер иесі он жыл отасқан жолдасымен қазір мүлдем араласпайтын болған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Эстрада жұлдызы жеке өміріне қатысты жан сырын Instagram парақшасында ақтарды. Ол оқырмандарын қызықтырған сауалдарға жауап беріп, күйеуімен арақатынасына қатысты бар шындықты айтты.

"Білмедім, мүлдем араласпаймыз, сөйлеспегелі өте көп болды, шыны керек. Кеткен адам өміріңнен түбегейлі кету керек. Басында кездесіп, сөйлесіп тұратынбыз. Бірақ ол дұрыс емес екенін түсіндім", - деп жауап берді. 

Сондай-ақ әнші өз еркімен ажырасқанын жеткізді.

"Мені ешкім тастап кеткен жоқ. Өзімнің қалауым болды", - деді ол.

Сиви Махмудидің Stories-i
Скриншот: Instagram/sivi_makhmudi

Сиви Махмуди болашақ күйеуінің қызғаншақ болмағанын қалайтынын айтты.

"Өткен шақты қайтеміз қозғап. Болашақ жолдасымның қызғаншақ болғанын қаламаймын", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1964970-muldem-aralaspaimyz-sivi-maxmudi-buryngy-kuieui-turaly-aitty/

pixel