"Таппаймын": Зарина Омарова су жаңа әнін жарыққа шығарды
Жарияланған күні:
Әнші Зарина Омарова желіде су жаңа әнін жария етіп, оны барша тыңдармандарына ұсынды. Шығармашлығына мықтап кіріскен өнер иесі жаңа туындысына көпшіліктен әділ баға беруін сұрады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Зарина Омарова жаңа әнін шығарып жатқанын Instagram парақшасында хабаралды. Әртістің тың туындысы "Таппаймын" деп аталады.
"Жаңа тыныс! Жаңа ән! Тұсаукесер! Қымбатты тыңдармандарым! Кезекті жаңа туындыммен өздеріңізбен бөліскім келеді. Бауыржан Бимаханның әні мен сөзіне жазылған “Таппаймын” әні. Сіздерге ұнайды деген сенімдемін. Шынайы пікір жазып, баға бере отырыңыздар. Менімен бірге болғандарыңыз үшін мың алғыс", - деп жазды ол.
Омарованың жанкүйерлері бұл жаңалыққа аса қатты қуанып, жаңа әнге өзінің жоғары бағасын беріп жатыр.
"Керемет ән", "Маған ұнады. Нағыз хит болатын туынды екен", "Даусыңыз керемет", "Мына әнді тыңдай бергің келеді", "Жаңа әнді ұзақ күттік. Қуаныштымыз", "Өте сапалы дүние", - деп жазуда көпшілік.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1965002-tappaimyn-zarina-omarova-su-zana-anin-zaryqqa-sygardy/