Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қалай ғашық болмайсың": Айсәуле Бақытбек күйеуі жасаған естен кетпес сыйлық туралы айтып берді

Опубликовано:

Айсәуле Бақытбек жолдасы Әлішер Қайдаровпен
Айсәуле Бақытбек жолдасы Әлішер Қайдаровпен: instagram.com/aissaulebakytbek/

Отандық блогер Айсәуле Бақытбек күйеуі өзіне жасаған ең керемет сыйлық туралы айтып берді. Желі жұлдызының сөзінше, сүйіктісі оның асқақ арманын орындаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Айсәуле Бақытбек күйеуімен қыз бен жігіт болып кездесіп жүрген кезін есіне алып, оның жасаған сыйлықтары туралы айтып берді.

"Әлішер маған естен кетпес тосынсый жасап, мені Вегаста өткен Бритни Спирстің концертіне апарды. Бұл әлі күнге дейін жаныма жақын естеліктердің бірі болып табылады. Ол тіпті сахнаның қасындағы орындарға билет сатып алған. Менің қуанышымда шек жоқ. Америкаға алғаш келуім. Ол болса мені бірден Вегасқа Бритнидің концертіне апарады. Одан кейін Дэвид Копперфильдке де бардық. Мұндай азаматқа қалай ғашық болмайсың?", - деп жазды блогер Instagram парақшасында.

Сонымен қатар Айсәуле Бақытбектің күйеуі 8 наурыз мерекесіне орай оған Мексикаға сапар ұйымдастырған. Қос ғашық қарым-қатынастарының бірінші жылы екі елде оқыған. Блогер ару Дубайда білім алса, сүйіктісі Америкада болған. Алайда олар бір-біріне жиі ұшып, бірге естен кетпес уақыт өткізген.

Оған қоса Айсәуле Бақытбек күйеуі өзіне тарту еткен тағы бір сыйды есіне алды. Отағасы ғашықтар күніне оған күшік сыйлаған.

"Бұл ғашықтар күніне жасалған ең үздік сыйлық болды. Мен негізі жеке өмірім жайлы көп айтпайтын адаммын. Бірақ бүгін осылай болып қалды", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1965072-qalai-gasyq-bolmaisyn-aisaule-baqytbek-kuieui-zasagan-esten-ketpes-syilyq-turaly-aityp-berdi/

pixel