"Ота жасайтын болды": Ерке Есмахан денсаулығы сыр бергенін айтты
Жарияланған күні:
Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Ерке Есмаханның денсаулығы сыр берді. Өнер иесі соңғы кездері өзін жаман сезініп, ауруханаларға түрлі анализдер тапсырған. Нәтижесінде дәрігерлер оған ота жасау керектігін айтқан, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Бұл туралы Ерке Есмахан өзінің Instagram парақшасында хабарлады. Эстрада жұлдызының сөзінше, оған ертең ота жасалмақ.
"Денсаулығым сыр беріп, соңғы күндері өзімді өте жаман сезініп жүрдім.Байқасаңыздар екі аптам анализ тапсырумен өтті. Сіздерге әлсіз тұсымды осы күнге дейін білдірмеген едім. Қатты қорыққанымнан жазып отырмын. Ертең маған операция жасайтын болып шешті дәрігерлер. Сіздермен аман-есен қауышайын. Тілек тілеп қойыңыздар. Алла жар болсын", - деп жазды әнші.
Айта кетейік, бұған дейін Ерке Есмахан өзіне Қайрат Нұртастың отбасын бұзды деп сынға алған оқырманына жауап берді. Өнер иесі олардың жанұяларындағы сынақтарға ешқандай қатысы жоқ екенін кесіп айтты.
Оған қоса Қайратпен қандай қарым-қатынаста екенін жеткізді. Ол оны әріптес, сырлас, бауыры ретінде көретінін алға тартты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1965193-ota-zasaityn-boldy-erke-esmaxan-densaulygy-syr-bergenin-aitty/
Жарияланымға реакцияңыз?
Соңғы пікірлер
Барлық пікір саны: 3
Талқылауға қатысу немесе пікірлерге реакция қалдыру үшін профиліңізге кіріңіз.
Касетты жума куны,куптан намазында сыз ушын алладан шыпа сурап отырмын.коркпаныз бары жаксы болады
Тазабай
Карындасым алла шыпа берсын саган,ота жаксы отуыне тылектеспын,кормегендей болып кетесыз алы,талантынызды ыске салып алдда кылуыныз орындауыныз керек болган жумыстар толып жатыр,жакындарыныз алдында аман болгайсыз,алладан шыпа сурап отырам саган.
Куады
бұның проблемасы не керегі бар бізге.
Тазабай